8 адам коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. 3 қаңтардағы мәлімет бойынша, 16 544 адам коронавирус инфекциясынан (-14 623+ және 1 921 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 2 152 науқас стационарда, 14 392 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: • 194 адамның жағдайы ауыр, • 68 науқастың жағдайы өте ауыр, • 47 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.