Мемлекет басшысы бәсекелестікті дамыту туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы бәсекелестікті дамыту туралы заңға қол қойды
183
оқылды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Заң мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқартуға, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ тауар нарықтарына кіру үшін әкімшілік және экономикалық кедергілерді қысқартуға бағытталған. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/memleket-basshysy-basekelestikti-damytu-turaly-zanga-kol-koydy_a3881130