Қарағандыда караоке-клубта атыс болып, бір адам жараланды
Қарағандыда караоке-клубта атыс болып, бір адам жараланды
© видеодан алынды
126
оқылды
3 қаңтарда Қарағандыдағы караоке-клубтардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, соның салдарынан 23 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпаратты Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті растады.
«3 қаңтарда таңғы сағат 02.00 шамасында «Жаным сол» караоке-клубының келушілері мен күзетшілері арасында болған жанжал салдарынан 23 жастағы қала тұрғыны «оқ жарақаты» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген ПД хабарламасында.
Қақтығысқа қатысушылардың кім екені анықталды. Олардан қару тәркіленіп алынды. Бүгінгі таңда қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғаларды жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Караганда | Новости (@vkaragande.kz)