Мереке күндері теміржолда жүргізілген рейд барысында 120-дан астам ережебұзушылық анықталды
Мереке күндері теміржолда жүргізілген рейд барысында 120-дан астам ережебұзушылық анықталды
© railways.kz
199
оқылды
Мерекелік демалыс күндері теміржолшылар көлік полициясы және әскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлерімен бірлесіп, қауіпсіздік рейдін өткізді. 3 күн ішінде 128 ереже бұзу фактісі анықталып, 53 адам белгіленбеген жерде жолдан өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейд барысында 700 азаматқа теміржолдағы жол тәртібі түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Тыйым салынған аумақта жолды кесіп өту – жарақат жағдайларына әкеп соқтыратын басты себептердің бірі. Сондықтан теміржолшылар әкімшілік жауапкершілікті қатайтып, айыппұлды көбейту керек деген ұстанымда. Қазіргі уақытта айыппұл 3 АЕК мөлшерінде. Теміржолда қауіп-қатердің алдын алу шаралары үнемі өткізіліп тұрады. Мереке күндері және мектеп оқушыларының қысқы демалысы кезінде бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар оқу маусымында барлық білім беру мекемелерінде қауіпсіздік сабақтары жүреді. "ҚТЖ" ҰК" АҚ теміржолда абай болуды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды тағы бір рет ескертеді. Теміржол өте қауіпті аумақ екенін ешқашан естен шығаруға болмайды.