Жаңа жыл түнінде жұмбақ жағдайда жоғалған Аршалы ауданының тұрғыны 27 жастағы әйел табылды. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Аршалы ауданының тұрғыны 27 жастағы әйел 31 желтоқсанда түнгі сағат 12:00 шамасында жұмбақ жағдайда жоқ болып кеткен. Күйеуінің айтуынша, әйел үйінен шығып, қайтып оралмаған.
«Аршалы аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері биылғы жылғы қаңтардың 1-інде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған әйелді Нұр-Сұлтан қаласындағы құрбысының үйінде тапты. Оның денсаулығы мен өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда. Полиция 1 қаңтар күні әйелді тұрғылықты жері бойынша отбасына аман-есен қайтарды», – деді ведомстводан.