СҚО әкімдігі әзілге айналған шыршаны кім орнатқанын айтты
СҚО әкімдігі әзілге айналған шыршаны кім орнатқанын айтты
195
оқылды

Әкімдік Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы Ленинградское ауылында кілемнен жасалған шыршаны кім орнатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

7152.kz сайтының мәліметінше, шырша еден төсенішінен жасалып, жұлдызшамен безендірілген. Мерекеге арналған мұндай сыйлық әлеуметтік желіде әзілге айналды.
"2021 жылдың 29 желтоқсанында Ақжар ауданы Ленинградское ауылында балалар мен ауыл тұрғындарына мерекелік атмосфера жасау мақсатында қайырымдылық аясында жергілікті тауар өндірушілердің бастамашыл тобымен мына заттар орналастырылды: балалардың сырғанауына арналған орын "Аяз ата" шағын сәулет нысаны (ЖК "Ткаченко"), "Ақшақар" шағын сәулет нысаны (ЖК Жаңабай) және "Жаңажылдық шырша" шағын сәулет нысаны (Диорит ЖШС)", – деді Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі.
Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен мемлекет қаражаты бөлінбеген.