3 қаңтар түні Самара-Шымкент автожолында ірі жол апаты орын алды. Облыстық ПД мәліметтері бойынша, Тоуоtа Alphard жүргізушісі Қобда кенті жағынан Ақтөбе бағытына қарай бара жатқанда, рөлге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып, қар тиеген КамАЗ көлігін соққан. Жол апаты салдарынан "Тоуоtа Аlphard" автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды және 5 жолаушы, оның ішінде екі бала бар, Ақтөбе қаласының медициналық мекемелеріне жатқызылды.