Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде -20-25 градус, кей жерлерде 30 градус аяз болуы ықтимал екенін хабарлады. 4 қаңтарда Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.  Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. 4 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 18 м/с күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, түнде батысында, күндіз шығысында көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында және шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 4 қаңтарда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.