Екібастұздық өрт сөндірушілер әжесі мен немересін құтқарды
Екібастұздық өрт сөндірушілер әжесі мен немересін құтқарды
186
оқылды
Екібастұздық өрт сөндірушілер әйел мен баланы өрттен құтқарды. Өрт бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында шыққан. Өрт орнына дереу құтқарушылар келіп, екі бөлмелі пәтерде үй заттары және балконның 12 шаршы метр алаңы жанып жатқанын анықтады. Жоғары температураның әсерінен пластикалық әйнек балқып кеткен. Нәтижесінде үйдің ішін түтін алып кеткен. Үстіңгі қабаттағы пәтерлердің бірінде әйел адам немересімен бірге қалып қойған. ​Өрт сөндірушілер бесінші қабаттан 1977 жылы туған әйел мен 2019 жылы туған баланы көтеріп, таза ауаға шығарды. Оларды жедел жәрдем қызметкерлері тексерді және ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екені анықталды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен бір адам өздігінен эвакуацияланды, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін алты адам өздері шығып үлгерді, оның ішінде  бір бала бар. Өрт сағат 18-30-да сөндірілді. Өрт жоғары қабаттан тасталған темекіден тұтанғаны анықталды.