БҚО-да ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды

БҚО-да ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды

БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше жол жабылды. «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 3 қаңтар күні жергілікті сағат 19.00-де бастап республикалық маңызы бар Атырау-Орал (372-189 км, Чапаев ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Сондай-ақ осы мерзімде республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (195-247 км, Орал қаласынан Макаров ауылына дейін) жолы да жабылды. Жабылу себебі – жаяу бұрқасын.