Жаңа жылдан бастап МӘМС-ке төленетін жарна өсті
Жаңа жылдан бастап МӘМС-ке төленетін жарна өсті
©www.inform.kz
539
оқылды

2022 жылы ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіш өскендіктен МӘМС жүйесіне түсетін жарна мен аударымдардың мөлшері де көтерілді. Бұл жайында sputnik.kz жариялады.

Мысалы, жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін, ал АЕК 2 917 теңгеден 3063 теңгеге дейін өсті. Тиісінше, 2022 жылы МӘМС төлемдері де артты:
  • жұмыс беруші қызметкері үшін оның жалақысының 3%-ін төлейді, бірақ сома мөлшері 18 мың теңгеден аспайды;
  • қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатындар өз кірісінің 2%-ін аударады, бірақ 12 мың теңгеден аспайды;
  • жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатындар – ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ін немесе 4 200 теңге төлейді. Бірыңғай жиынтық төлем (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін) мөлшері:
қала тұрғындары үшін –1 АЕК немесе 3 063 теңге; ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге. Дербес төлеушілер ең төменгі жалақының 5%-ін немесе 3 мың теңге төлейді.