Елордада өткен брифингте Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевтің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдинов сұйытылған мұнай газының құнына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы «Чиновник» телеграм каналы хабарлады.
– Тауардың құнын нарық қалыптастырады. Табыс көлемі мен жалақы бұған әсер етпейді. Егер тұрғындар бағамен келіспесе, олар қоғамдық көлікті пайдалану арқылы мәселесін шеше алады, – деді министрдің кеңесшісі.https://youtu.be/9bYVZoht_KA Телеграм каналдың мәліметінше, 37 жастағы мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтің иелігінде елорда түбіндегі Қосшы елдімекенінде 288 шаршы метрлі екі қабатты үйі бар. 2020 жылы тұрғызылған үйдің құны – 85 млн теңге. Ел астанасы Нұр-Сұлтанда үш пәтері бар. Бірі – Highwill Astana тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бизнес-кластағы 3 бөлмелі пәтерінің аумағы 100 шаршы метр. Құны – 60 миллион теңге. Ал «Алтын-Арна» тұрғын үй кешеніндегі 2 бөлмелі пәтері 40 млн теңгеге бағаланды. Оның аумағы – 75 шаршы метр. «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінде 1 бөлмелі пәтердің өзі 27 млн теңге тұрады. Сонымен қатар Олжас Байділдиновтің иелігінде коммерциялық мақсатта пайдаланатын аумағы жүз шаршы метрлік ғимараты бар. Оның өзі 20 млн теңгеге бағаланған. 2021 жылғы екі көлігі 33 миллион теңге тұрады екен. Естеріңізге сала кетейік, Жаңаөзен тұрғындары 2 қаңтар күні сұйытылған газ бағасының өсуіне наразылық білдіріп, көшеге шықты. Кейін Ақтау қаласының тұрғындары да бағаның шарықтауына қарсылық білдіріп, алаңға жиналды.