Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынының үйіне белгісіз біреулердің шабуыл жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қарсылық көрсету кезінде сол үйдің ұлы жарақат алған. Оқиға 3 қаңтар күні болған. Тәртіп сақшылары қылмыстың мән-жайын, себебін құпия ұстап отыр. Алайда құқық қорғау органдары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша тергеу жұмыстары басталды. Полиция күдіктінің әлі ұсталмағанын айтты. Олардың кіи екенін анықтауға және ұстауға бағытталған барлық қажетті шара қабылданып жатқанын жеткізді.