Қызылордалық "Қайсар" шетелдік екі жартылай қорғаушымен қоштасты
Қызылордалық "Қайсар" шетелдік екі жартылай қорғаушымен қоштасты
287
оқылды

Француз қорғаушысы Усман Н' Дайе осы сапта Қазақстан чемпионатында 18 матч өткізді, ал черногориялық Йован Чадженов 21 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Бұған дейін "Қайсардан" литвалық Каролис Лаукжемис, армениялық Гегам Кадимян, шабуылшылар Стефан Денкович пен Бон-Филь Калеб Бименьимана кеткен. Ал Арман Кеңесов "Ақтөбеге" ауысқан еді. Сондай-ақ капитан Думан Нәрзілдаев "Астанаға" ауысуға жақын, ал Елжас Алтынбеков "Мақтааралмен" келісімшарт жасасуы мүмкін.