Көкшетауда бір топ белсенділер бейнеүндеу жариялады
Көкшетауда бір топ белсенділер бейнеүндеу жариялады
528
оқылды

Көкшетауда бір топ белсенді жігіттер Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайға байланысты қолдау білдірді. Бейнеүндеу жасағандар биліктің елдегі қымбатшылықтың тоқтатылуын талап еткен.

Жиналғандар Маңғыстауда басталған толқудың себебін халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуімен байланыстырды. Олардың айтуынша, құқық қорғаушылар қоғам белсенділерін облыс орталығындағы алаңға өткізбеген. «Құрметті Қазақ елі! Біз Ақмола, Көкшетаудың жігіттері Маңғыстауда, Атырауда болып жатқан жағдайды қолдаймыз. Алаңға кіргізбей тұр. Қаланың әр түкпірінде жігіттер топ-топ болып жиналдық. Біз қамаудағы жігіттердің шығарылуын, газ, жанармай, азық-түлік бағасының арзандауын талап етеміз. Қан төгілмесін. Біз Конституцияға сәйкес пікірімізді білдіргіміз келеді», - деді алаңға шыққан белсенді азаматтардың бірі Алмас Темірбай. Қазір қаланың әр аумағында азаматтар жиналып жатыр. https://youtu.be/aHFJjISS2bM