Қызметтік көлігін мас күйінде басқарған қала әкімі ұсталды
Қызметтік көлігін мас күйінде басқарған қала әкімі ұсталды
Фото: tengrinews.kz

Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев көлікті мас күйінде басқарған. Оқиға орнынан түсірілген видео желіде тарады. Оған сол жерде айыппұл салу туралы хаттама толтырылған.

Әкім мас күйінде көлікті қандай себеппен басқарғанына түсінік бере алмаған. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі InAktau порталына оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Қызметтік тексеріс жүргізіп жатырмыз, дерек расталса, ол қызметінен босатылады", – деді аймақ басшысының баспасөз қызметіндегілер.
Маңғыстау облысының полиция департаменті тәртіп бұзушы қандай жауапқа тартылатынын кейінірек хабарлауға уәде берді.