Ақтөбе тұрғындарының митинг кезінде қойған екі талабы да орындалды, - деп хабарлады қала әкімдігі.
Бұған дейін, Маңғыстау облысының Жаңаөзен және Ақтау қалаларындағы митингтен кейін Үкімет комиссиясы сұйытылған газ бағасының литрін 50 теңгеге дейін төмендеткен болатын."Ақтөбеліктердің митинг кезінде қойған екі талабы да орындалды. Бүгін Ақтөбеде бейбіт түрде митингке келгендер жергілікті атқарушы органнан екі мәселені талап етті. Біріншісі - митинг барысында қамауға алынғандарды босату. Бұл талап орындалды - ұсталғандар босатылды. Екіншісі - сұйытылған газ бағасын төмендету. Бұл талап та орындалды - сұйытылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендетілді", делінген әкімдік таратқан хабарламада.