Норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанн мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды. Скандинавиялық футболшы Дортмундтың «Боруссиясынан» кетіп, «Реалға» ауысуға ниетті, - деп хабарлайды El Chiringuito журналисі Хосеп Педрерол.
Инсайдердің айтуынша, Холанн жазда "корольдік" клубтың жейдесін киюі мүмкін. Осылайша, «Сантьяго Бернабеуде» Холанн - Мбаппе жұлдызды шабуылшылар жұбы қалыптасуы мүмкін. transfermarkt сайты шабуылшыны 150 млн еуроға бағалап отыр. Бұған дейін Килианның Чемпиондар лигасының 1/8 финалының матчтарынан кейін «корольдік» клубпен келісімшартқа отыратыны хабарланған болатын.