Президент ереуілге кімдер кінәлі екенін айтты
Президент ереуілге кімдер кінәлі екенін айтты
Фото: cenzoru.net
149
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жаппай белең алған ереуілге ұласқан ахуалға себепкер болған кінәлілерді атады.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайда газ бағасының көтерілгені халықтың наразылығын тудырды.

Жағдайдың ушығуына Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, сондай-ақ «Қазмұнайгаз» бен «Қазақгаз» кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

Бұл саланы реформалауға қатысты жүйелі әдістің жоқ екенін де тоқталды.
«Ешкім өзін үнемі шығынға ұшырата бермейтінін түсіну маңызды. Еліміз газ және газ өңдеу салаларында инвестициясыз, тіпті газсыз қалуы да мүмкін. Сондықтан жүйелі, бірақ ойластырылған және кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын реформалардан басқа жол жоқ. Алдағы уақытта газ саласын сапалы түрде қайта қарап, ішкі нарықты тауарлық газбен толыққанды қамтамасыз етуі тиіс», – деді Тоқаев.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев арандатушылар ұсталып жатқанын айтқан болатын.