Маңғыстау облысының коменданты тұрғындарға үндеу жолдады
Маңғыстау облысының коменданты тұрғындарға үндеу жолдады
Фото: lada.kz

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев тұрғындарға видеоүндеу жолдады, – деп жазды lada.kz.

Президент елдегі ахуалға байланысты Маңғыстауға Жанарбек Бақтыбаевты бас комендант етіп тағайындады. Ол тұрғындарды арандатушылардың сөзіне ермеуге шақырды. «Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Облысымызда ерекше құқықтық режим белгіленген төтенше жағдай енгізілді. Президент Жарлығымен мен, Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев Маңғыстау облысының коменданты болып тағайындалдым. Төтенше жағдайды енгізудің мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай кезінде бірқатар уақытша шектеулер енгізілді. Шектеуге түсіністікпен қарауды сұраймын. Бұл сіздердің амандығыңыз үшін жасалып жатыр. Арандату, тәртіп бұзуға жол бермеуді сұраймын», – деді Маңғыстау облысының коменданты, Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев.   https://youtu.be/aWGIUKBzKEo

Бұған дейін Маңғыстауда төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.