«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ертеңнен бастап Скандинавиядан келетін циклон ауа райына әсер етеді.«Сондықтан жауын-шашын, қар жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ ауа температурасы аздап көтерілуі мүмкін. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс пен солтүстік-батыста термометр бағаны түнде 0-8 градус, солтүстікте және орталықта 5-15 градус аязды көрсетуі ықтимал» делінген хабарламада.
Бұған дейін астанада қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын жазған болатынбыз.