Алматыда кешегі наразылық шеруінің соңы қақтығысқа ұласып, 190 адам жапа шекті.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 40 адам ауруханада жатыр. Дәрігерлерден 190 адам көмек сұраған. Оның 150-ін жедел жәрдем әкелсе, 40-ы өзі барған.«40 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Оның төртеуі – полицейлер. Жапа шеккендердің ішінде 137 полиция қызметкері және 53 қала тұрғыны бар» делінген департамент хабарламасында.
Түнде Президент пәрменімен Алматы қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді.