Оқушылардың қысқы демалысы ұзартылды
Оқушылардың қысқы демалысы ұзартылды
© townnews.com
1,424
оқылды
Қазақстанда мектеп оқушыларының қыстық каникулы ұзартылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
«30 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында мектеп оқушылары қысқы демалыста. Білім және ғылым министрінің бұйрығымен қысқы каникул 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Мектеп мұғалімдері каниекул кезінде елді мекендегі жағдайға байланысты қашықтан немесе дәстүрлі форматта жұмыс істейді. Балабақшалар да нақты елді мекендегі жағдайға байланысты жұмысын жалғастырады. Бұл ретте балабақшалардың көпшілігі балаларды қабылдауда», - делінген хабарламада.
Бұған дейін қысқы каникул кезінде оқушылар 2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында 11 күн демалатынын хабарлаған болатынбыз.