Елордадан 2 өңірге қосымша рейстер ашылады
Елордадан 2 өңірге қосымша рейстер ашылады
Фото: halqym.kz
Scat компаниясы халық сұранысын ескере отырып, 7 қаңтарда Нұр-Сұлтаннан Шымкентке және Ақтөбеге қосымша рейстер ашады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті. Ақтөбе әуежайы қалыпты жұмыс режимінде істеп тұр. Ал Ақтау қаласының әуежайы жұмыс істеп тұрғанымен, рейстер қабылданып жатқан жоқ, - деп хабарлайды  24.kz. Алматы әуежайы уақытша жұмысын тоқтатты. Жолаушылар үшін үздіксіз жедел желі іске қосылды. Рейстер бойынша ақпаратты сол арқылы алуға болады. Елорда әуежайы да қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Бірақ Air Astana қаңтардың 7-сі, сағат 14:00-ге дейін барлық бағыттағы әуе рейсін уақытша тоқтатады.