Бүгін түсте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жасайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, - деп жазады 24.kz. Мемлекет басшысының үндеуі республикалық телеарналардың эфирінен көрсетіледі. Бүгін 07:00-де Президент Ақордада Президент Әкімшілігінің, Қауіпсіздік кеңесінің және күштік құрылым басшыларының қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Жиында елдегі қазіргі ахуал мен лаңкестікке қарсы іс-қимылдың барысы, өңірлердегі жағдай қарастырылды.