Бірқатар банк кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынбайтынын хабарлады
Бірқатар банк кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынбайтынын хабарлады
Фото: mail.kz
Кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынбайды. «Каспи», «Отбасы банк», «Халық», «Еуразиялық банк», «Форте», «Центркредит» және «Алтын банк» өкілдері осындай хабар таратты. Олар қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында ипотекасын төлей алмағандарға өсімақы жүрмейді дейді. Елдегі жағдайға байланысты осындай шешім қабылдап отыр. Сол себепті банктен қарыз алғандардың алаңдамауын сұрайды. Қазір көптеген банкоматтың істен шыққанын білеміз. Мамандар мұны интернеттің жоқтығымен байланыстырады. Банкоматтарға ақша толтыру да әзір мүмкін емес. Бүлік тоқтамайынша, инкассаторлар да ақша тасымалдамайды, – деп жазады 24 kz. – Интернеттің жоқтығынан банкоматтардың көбі жұмыс істемей тұр. Өйткені, олар арнайы жүйеге қосылған. Байланыс болмаған соң, олар да істен шыққан. Осы ретте қауіпсіздік үшін инкассацияны да уақытша тоқтатуға тура келді, – дейді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов.