Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы генерал-майор Е.Сағымбаев терроризмге қарсы Республикалық жедел штабының отырысын өткізді. Президент келісімімен ҰҚК төрағасы – Республикалық жедел штаб басшысының бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында террористік қауіптің «шекті қызыл» деңгейі енгізілді. Елдің барлық өңірінде антитеррорлық операция режимі орнатылды. Террористік қауіпті жоюды және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.