Тұрақтылық кез келген уақытта қолдан сусып кетуі мүмкін екенін түсіндік – Мәулен Әшімбаев
Тұрақтылық кез келген уақытта қолдан сусып кетуі мүмкін екенін түсіндік – Мәулен Әшімбаев
170
оқылды
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев елдегі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол мемлекет барлық өңірдегі жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын айтты. «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуін жасап, елімізде қалыптасқан ахуалды тұрақтандыру үшін тиісті шаралар жалғасып жатқанын айтты. Қазіргі таңда мемлекет барлық өңірдегі жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. Ең бастысы, еліміз бойынша конституциялық заңдылық орнатылды. Бұл - Президентіміз айтқандай, енгізілген төтенше жағдайдың нәтижесі. Шын мәнінде, біз аз күннің ішінде тыныштық пен тұрақтылықтың кез келген уақытта қолдан сусып кетуі мүмкін екенін түсіндік. Дау көбейсе, жау көбейеді дейді. Сондықтан қазір арандатушылар мен алып-қашпа әңгімелерге ермеу аса маңызды. Сын сағатта Президентімізге қолдау білдіріп, мемлекеттілікті сақтау жолында жұдырықтай жұмылуымыз керек», – деп жазды Сенат төрағасы Facebook-тағы парақшасында.