Провокацияға берілмей, заң және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамын – Исламбек Салжанов
Провокацияға берілмей, заң және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамын – Исламбек Салжанов
Еліміз үшін бұл қаралы күндерде мен, азамат және патриот ретінде, барша қазақстандықтарды, әсіресе жастарды, провокацияларға шалдықпай, заң және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамын. Белгілі кәсіпкер Исламбек Салжанов осылай азаматтарды ел егемендігі және Тәуелсіздігін бірге қорғауға шақырды. «Отан алдында қызметтік борышын орындау кезінде террористер қолдынан жақындары мен туыстары өмірлері қиылған барлық отбасыларға көңіл айтамын. Еліміз үшін бұл күрделі кезеңде Президент, Жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзіне толық жауапкершілікті алып, іштен және сыртта дайындалған деструктивті күштер тарапынан террористік агрессияны тоқтатты. Барлығымыз білетіндей, бүгін елдің барлық өңірлеріндегі жағдай Президенттің жеке бақылауында. Біз, Қазақсатан азаматтары ретінде, Мемлекет басшысы айналасына бірігіп, тез арада тәртіптің қалпына келуі мен бейбіт өмірге оралуда қолдауымыз керек. Қазақстанның барлық кәсіпкерлерін вандалдар қиратқан әкімшілік және әлеуметтік ғимараттарды тез арада қалпына келтіруге көмектесуге шақырамын. Осы қаралы күндер артта қалып, Қазақстанда әділдік және әрбір азаматтың әл-ауқаты басты мақсат болатын, гүлденудің жаңа кезеңі басталуына кәміл сенемін», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.