Бизнеске келтірілген шығын сомасы 88 миллиард теңгеден асты
Бизнеске келтірілген шығын сомасы 88 миллиард теңгеден асты
Фото:
200
оқылды
Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген залалдың жалпы сомасы 88 миллиард теңгеден асты, – деп хабарлайды "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі. "8 қаңтар күні таңертең келтірілген зиянның жалпы сомасы шамамен 88,1 миллиард теңгеден асты. Атап айтқанда, Алматыда шығын 86,8 миллиард теңге", – деп хабарлады Ұлттық палата. ҰКП call-орталығына 1622 қоңырау келіп түсті, оның ішінде: тонау мәселелері бойынша – 937; форс – мажор – 23 Блокпост – 2; жеке тұлғалардың қоңыраулары –  650. Еліміздің 10 өңірінде 1091 объектіде орналасқан 920-ға жуық зардап шеккен бизнес субъектісі анықталды, оның ішінде Алматыда 1027 объектіде орналасқан 856 субъект.