Қақтығыста қаза тапқан полицейлердің тізімі жарияланды
Қақтығыста қаза тапқан полицейлердің тізімі жарияланды
155
оқылды
Лаңкестердің қолынан қаза тапқан жауынгерлердің есімдері белгілі болып жатыр. Олардың ең жасы небәрі 19-да, үлкені 46 жаста. Ал нақты қанша сарбаз көз жұмғанын ІІМ қазір нақтылап жатыр, – деп хабарлайды Qazaqstan арнасы. Қақтығыста қаза тапқан полиция қызметкері мен әскерилердің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Өз міндетін адал атқарғандар: Тараздық полиция қызметкері капитан Сланбеков Рахат Нұрбайұлы; Алматы қаласының полиция старшинасы Қамбетов Ринат Талғатұлы; Алматы полиция бөлімінің аға сержанты Асылханов Әлен Мұхитұлы; Прапорщик Ержанов Ербол Тілеубекұлы; Жамбыл облыстық полициясының кіші сержанты Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы.   Бұған дейін Ұлттық ұланның екі жауынгері ереуіл кезінде мерт болғанын жазған болатынбыз. Олар – қатардағы жауынгерлер Қайсаров Мадияр Оразалыұлы және Аманов Айбат Ерболұлы.