Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді
Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді
Фото: akorda.kz
137
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының отырысы өтті. Жиын барысында Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Ішкі істер, Қорғаныс министрлерінің міндетін атқарушы тұлғалар баяндама жасады, – деп хабарлайды Ақорда.
Отырыста Алматы қаласы мен өзге де өңірлердегі террорлық шабуылдардың салдарынан бүлінген әкімшілік ғимараттарын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарды, инфрақұрылымдарды қалпына келтіру мәселелеріне баса мән берілді.Сонымен қатар ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік күштері бөлімшелерінің Нұр-Сұлтан қаласында қорғау функциясын атқаруы қазақстандық құқық қорғау органдары күштерінің бір бөлігін босатып, лаңкестікке қарсы іс-қимылдарға қатысу үшін Алматыға жіберуге мүмкіндік берді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тұрғындардың мүддесі үшін жағдайды тұрақтандыруға тартылған  ведомстволардың жүйелі әрі жедел жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.