Ақмолада төтенше жағдай кезінде алкоголь өнімдері сатылмайтын болды
Ақмолада төтенше жағдай кезінде алкоголь өнімдері сатылмайтын болды
Фото: news.myseldon.com
175
оқылды
Ақмола облысының аумағында төтенше жағдай уақытында алкогольдік өнімдер мен этил спиртінің сатылуына тыйым салынды. Бұл туралы Ақмола облысының кәсіпкерлік басқармасы хабарлады.

«Облыстың төтенше жағдай кезіндегі коменданты, полиция департаментінің бастығы кеше алкоголь өнімдері мен этил спиртінің облыс аумағында сатылуына тыйым салатын бұйрыққа қол қойды. Яғни барлық Ақмола облысының аумағында төтенше жағдай кезінде арақ-шарап сатылмайтын болады», - деді облыстың Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов. Бұл мәліметті Ақмола облысының полиция департаменті де растады.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы