Алматыда супермаркеттердің жұмысы қалпына келді

Алматыда супермаркеттердің жұмысы қалпына келді

Алматыда ірі сауда желілерінің жұмысы қалпына келді. «Бүгінгі күні Magnum, «Тоймарт» және Small супермаркеттерінің 28 филиалы ашық. Сауда нысандарында, жеткізушілер мен дистрибьюторлардың қоймаларында азық-түлік қоры жеткілікті көлемде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Алдағы екі күнге сауда желілерінде таңғы сағат 09.00-ден бастап кешкі 18.00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленді», - деп хабарлады Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының баспасөз қызметі. Бұгін  Magnum сауда желісі 40 дүкенін ашады. Жұмыс уақыты 09.00 – 18.00 аралығында.