Ел экономикасына үлкен нұқсан келтірілді – А.Қырықбай
Ел экономикасына үлкен нұқсан келтірілді – А.Қырықбай
Фото: Yan Blagov
266
оқылды

Nur Otan партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Арман Қырықбаев Qazaqstan телеарнасындағы «Террорға тойтарыс» бағдарламасының жүргізушісі Альбина Әшімге берген сұхбатында елдегі болып жатқан жағдайларға қатысты пікір білдірді.

– Президентіміз бейбіт шерулер өткізу бойынша арнайы заң қабылдады, бірақ бұл заңды дұрыс түсінбей, бейбіт шеру деген жүгенсіздік деп түсініп қалғандар бар сияқты.
– Мен сөзіңізге толық қосыламын. Ондайлар әрине бар. Енді қазір елде мынадай заман болып жатқан кезде әртүрлі ой айтуға болады, бірақ біз осы болып жатқан жағдайдан міндетті түрде сабақ алып, шерулер бойынша басқа да осы бағыттағы заңнамаларға реттеу енгізуіміз керек. Кез-келген азамат бейбіт шеруге шығатын болса, өз құқығын білуі қажет.
– Елдегі осы оқиғадан кейін қандай реформалар ұсынылуы тиіс?
– Менің ойымша, әлуметтік бағытқа басымдылық беріледі. Осы 5 күнге созылған жағдайдың өзі ел экономикасына, бюджетке үлкен нұқсан келтірді. Сондықтан әлуметтің әлжуаз топтарын қолдау бойынша Президент тарапынан көптеген ұсыныстар болуы керек. Бұл менің азамат ретіндегі пікірім.