Бірнеше аймақтағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан көптеген адам қайтыс болды. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Осылайша, Отан қорғап, қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полицейлер мен құқық қорғау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі. Қақтығыста қайтыс болған азаматтардың туған-туысы мен отбасына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.«Алматыда содыр-лаңкестердің қолынан әкімшілік ғимараттар ғана емес, бейбіт тұрғындардың мүлкіне де залал келді. Сондай-ақ жүздеген бейбіт тұрғын мен әскери қызметшінің денсаулығы мен өміріне қатер төнді. Осы трагедиялар кезінде қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.