Қаңтардағы қантөгіс: бизнес 93 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырады
Қаңтардағы қантөгіс: бизнес 93 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырады
Фото: regiondv.com
186
оқылды

Бүгінгі мәлімет бойынша жаппай тәртіпсіздік салдарынан бизнеске келген шығын көлемі 93,7 млрд теңгеден асты, – деп хабарлады «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Бүгін сағат 09.00-дегі мәлімет бойынша бизнеске келтірілген шығынға қатысты байланыс орталығына 2774 қоңырау түсті. Соның ішінде, мародерлық мәселесі бойынша – 1406, форс-мажор – 39, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 3, жеке тұлғалардан түскен қоңырау саны – 1324. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, елдің 9 өңірінде 1488 нысанда орналасқан 1 319 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды. Соның ішінде, Алматы қаласында – 1399 объектіде орналасқан 1234 субъект.
Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1245; қоғамдық тамақтану – 25; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ – 2. Шығынның жалпы сомасы шамамен 93,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 92,2 млрд теңге).

Бұған дейін Алматы комендатурасы бүлікшілерден азат етілген көшелер туралы жазған болатынбыз.