Асанәлі Әшімов: Айналаны сындырып, қирату – өз-өзіңе зиян келтіру
Асанәлі Әшімов: Айналаны сындырып,  қирату – өз-өзіңе  зиян келтіру
281
оқылды
– Ереуіл басталған күннен бәрін көріп, біліп отырмыз. Халықтың уәжіне қосыла­мын. Расымен, елдегі қымбатшылық қа­ра­пайым жұртқа ауыр тиді. Үкімет жа­ғынан да кемшілік жеткілікті. Сондықтан халықтың бүкіл ұсынысын қабылдау керек. Бірақ бейбіт жолмен басталған ереуілдің арты ушығып кетті. Тәртіпсіздікке бару, бұзақылық жа­сау, дүкендерді тонау, ғимараттарды өртеу, медицина қызметкер­леріне қиянат ету дұрыс емес. Айналаны сындырып, қирату – өз-өзіңе зиян келтіру. Елдің тірнектеп тапқан еңбегіне жасалған дүниені қирату – бассыздыққа барғаны. Мұндайды мен қол­дамаймын. Бұрын-соңды болмаған тәртіпсіздік. Тіпті, 1986 жылғы көтеріліс ондай болған жоқ. Оған қоса, ереуілшілердің ішінде араңдатушылар, бұзақылар бар. Осыларға еріп арасында жас­тарымыз да жүр. Өмірлеріне балта шабылмаса екен. Ереуілшілердің талаптарына құлақ асып, Үкімет бітім­гершілікке келіп отыр. Енді неге екі жақты келісімге келмей отырғанын түсін­бедім. Осыған халық құлақ асса екен. Амандықта, ты­ныш­тықта болайық.