Саясаттанушы халықты Президенттің шешімдерін қолдауға шақырды
Саясаттанушы халықты Президенттің шешімдерін қолдауға шақырды
Фото: colonelcassad.livejournal.com
265
оқылды

Еліміздегі жағдайға байланысты саясаттанушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімдерін қолдауға шақырады. Президенттің тапсырмалары елімізді қалыпты жағдайға қайтарады дейді мамандар, – деп хабарлайды AstanaTV.

Елімізге белгілі саясаттанушы Елдос Жұмағұлов бұқара қолдау көрсеткені жөн және Мемлекет басшысының үндеулері орынды әрі дұрыс қадам екенін атады.

«Ол кісінің ойымен толықтай келісемін. Енді ойымызша барлығы дұрысталады деп ойлаймын. Бізде заңды түрде сайланған Президент бар. Сол Президент мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатын айқындайтын жалғыз тұлға болғандықтан бүкіл Қазақстан халқы Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдап, еліміздегі жағдайды өз арнасына, қалпына келтіруде халқымыз қолдайды деген ойдамын», – дейді саясаттанушы Елдос Жұмағұлов.

  https://youtu.be/G6ZXBjzMaoQ