Қазақстандық күш құрылымдары террорист деген күдікпен ұстаған қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов қамаудан босатылды, – деп хабарлады «Вечерний Бишкек» өз дереккөздеріне сілтеме жасап. Олардың мәліметі бойынша, қазір Викрамды Бішкекке алып келе жатыр. Бұған дейін еліміздегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан көп адамның қаза табуына байланысты 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланғанын жазған болатынбыз.