Ұлттық қауіпсіздік комитеті астанада ҰҚК қызметкері қайтыс болғанын хабарлады, – деп жазады Tengrinews.kz.
Дерек Нұр-Сұлтанда Есіл ауданы ПД бөліміне 10 қаңтарда тіркелген.«10 қаңтарда астанада өз үйінің ауласында ҰҚК қызметкері Азамат Ибраевтың мүрдесі табылды» делінген хабарламада.
Бұған дейін Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.