Содырлар елордадағы Президент резиденциясын басып алмақ болған – Тоқаев
Содырлар елордадағы Президент резиденциясын басып алмақ болған – Тоқаев
128
оқылды
Содырлар елордадағы Президент резиденциясын басып алмақ болған. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолына өтті. Біз контртеррористік режим жарияладық. Қазақстан ҰҚШҰ-на жәрдем көрсету өтінішін жасады. Біздің өтінішіміз дер уақытында қабылданды. Елордаға үш әскери-көлік ұшағының келгенін білген содырлар президенттік резиденцияны басып алуға бағытталған жоспарларын дереу тоқтатты. Осының арқасында біз қосымша күшті Алматыға жіберуге және қаланы содырлардан қайтарып алуға мүмкіндік алдық», - деді Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында.
  Айта кетейік, бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр. Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды.