Қызылорда облысының Полиция департаменті халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті жедел шараларды қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер органдарына 381 адам жеткізілді, олардың әрқайсысының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Оның ішінде 43 адамға қатысты ҚР Әкімшілік кодекстің 476-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, аталған кодекстің 488-бабының талаптарын бұзғаны үшін 31 азамат жауапқа тартылды.
"Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, бүлікке қатысқан 38 адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның ішінде Ұлттық ұланның сарбазын өлтірді деген күдікті бар", – деп жазылған ІІМ сайтында.Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қала аумағында бес блок-бекет, ал жеті ауданда 23 блок-бекет қойылған.