Алматы облысында қаза тапқан полицейлердің отбасына 5 миллион теңге беріледі
Алматы облысында қаза тапқан полицейлердің отбасына 5 миллион теңге беріледі
Фото: nation-news.ru
139
оқылды

Алматы облысында лаңкестермен қақтығыста қаза тапқандардың отбасына 5 миллион теңгеден беріледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әкім Қанат Бозымбаев өңірдегі полиция қызметкерлерімен кездесіп, оларға алғыс айтты. Қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек көрсетілетінін айтты.
"Ерен ерлігі үшін Жетісу жұртшылығының атынан сіздерге зор алғыс айтамын. Лаңкестермен күрес кезінде бірнеше полицей қаза тапты. Зардап шеккендер де көп. Бұл – баршамыздың ортақ қайғымыз. Мемлекет олардың отбасын қиындықта жалғыз қалдырмайды. Біз қамқорлық жасаймыз. Әрбір қаза болған азаматтардың отбасына 5 миллион теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады. Балаларының оқу ақысына көмектесіп, басқа да қолдау шаралары қарастырылады», – деді Қанат Бозымбаев.

Бұған дейін Алматы облысындағы базарлардан 207 адам ұсталғанын жазған болатынбыз.