Бүгін Алматыдағы ресейліктер еліне ұшып кете алады
Бүгін Алматыдағы ресейліктер еліне ұшып кете алады
Фото: inbusiness.kz
112
оқылды

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Ресей азаматтары бүгіннен бастап Алматы әуежайынан ұша алатынын хабарлады, – деп жазады sputnik.kz.

«11 қаңтарда Алматы халықаралық әуежайынан «Чкаловский» әуежайына (Мәскеу облысы) ресейліктерді еліне жеткізу үшін Ресей қорғаныс министрлігі әскери-көлік авиациясының рейсі орындалады. Ауа райына байланысты қонуға Ресей әуе-ғарыш күштерінің басқа аэродромдары пайдаланылуы мүмкін» делінген ресми хабарламада.
Қайтатын жолаушылар әуежайға 9:00-ден 15:00-ге дейін жиналу керек. Ресей азаматтарынан «бір жолаушы – бір қол жүгі» шектеуіне сүйене отырып, жарамды төлқұжаттарын ұмытпауды, сондай-ақ жеке заттарын ықшамдауды сұрады. Төтенше жағдайға байланысты әуежай қызметтері жүкті бортқа тиеу қызметін көрсетпейді.

Кеше Ресейдің әскери ұшағы Қазақстаннан Ресейге 146 адамды тасымалдады.