Алматы қаласында судья Мұрат Абраев қайтыс болды
Алматы қаласында судья Мұрат Абраев қайтыс болды
Фото: tengrinews.kz
134
оқылды

Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі, Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Мұрат Абраев қайтыс болды, – деп жазады Tengrinews.kz.

«Алматы қалалық сотының басшылығы, Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі, Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абраев Мұрат Советұлының, қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болуына байланысты, отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады»  делінген ақпаратта.

Кеше Алматы мен астанада екі полковник қайтыс болғанын жазған болатынбыз.