Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс жиынына қатысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында «Оператор РОП» жұмысы туралы айтты. Оның айтуынша, утилизациялық алым мәселесі халықтың наразылық акциясына шығуына түрткі болды.«Халықтың «Оператор РОП» дейтін компанияның қызметіне қатысты күдігі мен күмәні көп. Бұл жеке компанияға қарсылық ұйымдастырып, наразылыққа дейін ұласты. Үкіметке утилизациялық алымын тоқтатуды және оны «Оператор РОП» алым жинауын тоқтату бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Мұны мемлекеттік ұйым жасауы керек», – деді Президент.
Бұған дейін утилизациялық алым мөлшері өскенін жазған болатынбыз.