Мейрамбек Беспаев: Қантөгіске жол бермейік!
Мейрамбек Беспаев:  Қантөгіске жол бермейік!
281
оқылды
– Қазақ елі – өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел. Бірақ соңғы күндердегі бассыздық, топалаң қай-қайсысымыздың жанымызға батып, жүрегімізді қан жылатты. Алматының қирамаған жері қалмады. Бауырларым, сабырға келсеңіздерші! Өз бауыр­ларымыздан айырылып жатырмыз. Қазақтың қасықтай қаны қымбат заманда қантөгіске жол бермейік. Билік біздің жанайқайымызды естіді, сезді, түсінді. Енді соны парасатпен шешуге жол берейік. Алла Тағала бәрімізге сабыр берсін. Баршамызға жарқын болашақ тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!