Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
798
оқылды
– Елдегі болып жатқан оқиғаға бейжай қарау мүмкін емес.Себебі бәріміз де ұл-қыз өсіріп отырмыз. Солардың болашағы жарқын бол­ғанын қалаймыз. Ал осы кикілжіңге қатысып жатқан азаматтардың қай-қайсысының да ата-аналары, іні-қарындасы, бауырлары бар. Олардың ертеңгі болашағы сендерді алаңдатпай ма? Халықтың талап-тілегін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы орындауға уәде беріп жатыр, оның орын­дайтынына сенеміз. Сол үшін сабыр сақтап, ақылға келіңіздер! Өз тарихымызды, асыл мұраларымызды талқандап мұратқа жете ал­маймыз, ұятқа қаламыз. Алдағы күндерден тек жақсылық күтеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Бағдат СӘМЕДИНОВА, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі