– Елдегі болып жатқан оқиғаға бейжай қарау мүмкін емес.Себебі бәріміз де ұл-қыз өсіріп отырмыз. Солардың болашағы жарқын болғанын қалаймыз. Ал осы кикілжіңге қатысып жатқан азаматтардың қай-қайсысының да ата-аналары, іні-қарындасы, бауырлары бар. Олардың ертеңгі болашағы сендерді алаңдатпай ма? Халықтың талап-тілегін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы орындауға уәде беріп жатыр, оның орындайтынына сенеміз. Сол үшін сабыр сақтап, ақылға келіңіздер! Өз тарихымызды, асыл мұраларымызды талқандап мұратқа жете алмаймыз, ұятқа қаламыз. Алдағы күндерден тек жақсылық күтеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Бағдат СӘМЕДИНОВА, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі